Казахстан мен Ресей Жайық, Тобыл, Есіл және Ертіс өзендерінің ағындарын бақылау туралы келісті

@МВР РК
Қазақстан мен Ресейдің тасығын суларды өткізу кезіндегі ынтымақтастық бойынша бірлескен жұмыс тобының төртінші отырысы өтті.
Кездесуге қазақстандық делегацияны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева басшылық етті. Ресей жағынан Федералды су ресурстары агенттігінің Су шаруашылығы қызметін реттеу басқармасының бастығы Дмитрий Савостицкий қатысты.
Тараптар отырыс барысында болжанатын көктемгі тасығынның болжамдары мен ерекшеліктерін, сондай-ақ ағымдағы гидрометеорологиялық жағдайды талқылады. Сонымен қатар, Жайық, Тобыл, Есіл және Ертіс өзендері алаптарындағы су қоймаларына су ағынының алдын ала бағалауы негізінде тасығын суларды өткізу сценарийлері бойынша келісімге келді.
Екі ел 2026 жылдың 2 наурызынан бастап су қоймаларының жұмыс режимі мен гидро-посттардағы су деңгейі туралы ақпаратты күнделікті алмасу туралы шешім қабылдады.
«Қазіргі уақытта біз және ресейлік әріптестер трансшекаралық өзендер алаптарындағы су шаруашылығы жағдайын мұқият бақылап жатырмыз. Су қоймалары тасығын суларды қабылдауға дайындалуда», – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева.
Дереккөз: www.gov.kz