Қазақстан мен Нидерланд патшалығы фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын күшейтеді

2026 ж. 10 сәуір
Қазақстан мен Нидерланд патшалығы фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын күшейтеді

@МСХ РК

ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash

Халықаралық Grow Expo көрмесі аясында АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков Нидерландтардың Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғат министрлігінің бас фитосанитариялық инспекторының орынбасары Лианна Керсбергенмен және Нидерландтардың «NVWA» Азық-түлік қауіпсіздігі мен тұтынушы тауарлары басқармасының аға маманы Йерун Кавеларспен кездесті.

Тараптар импорт пен экспорт кезінде карантинге жататын өнімдердің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін талқылады. Талқылау барысында импорт жасайтын елдердің талаптарын сақтау, сертификаттау кезіндегі бақылау процедураларын жетілдіру, сондай-ақ фитосанитариялық тәуекелдерді басқару сияқты сұрақтар қозғалды.

Кездесуде ауылшаруашылығы өнімдерінің тұрақты жеткізуін қамтамасыз ету және карантинге жататын зиянды организмдердің таралуына жол бермеу мақсатында құзыретті органдардың үйлестірілген іс-шараларының маңыздылығы атап өтілді.

Екі елдің профильдік қызметтері арасындағы өзара іс-кимылдың конструктивті және динамикалы дамып келе жатқан сипатта екені, сондай-ай олардың сенім деңгейі мен өзара мүдделерінің жоғарғы екені айтылды.

Нидерланд делегациясы АӨК МАЭ РК ҚМИ жанындағы Өсімдіктер карантині республикалы орталығының жұмысымен, зертханаларды техникалы жабынымен және операциялы әрекеттермен танысты.

Кездесу нәтижесінде тараптар институционалды ынтымақтастығын одан әрi нығайтуға және жүйелі кәсіби диалогты дамытуға дайын екенін растады.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:фитосанитарный баqылауGrow ExpoҚР МАЭНидерландтарэкспорт-импорткарантинөсімдіктер
Қаралым: 0

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз