Қазақстан мен Нидерланд фитосанитарлық бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

2026 ж. 10 сәуір
Қазақстан мен Нидерланд фитосанитарлық бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

@МСХ РК

ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash

Халықаралық Grow Expo көрмесі аясында ҚР АӨМ АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков Нидерландтардың Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғат министрлігінің бас фитосанитарлық инспекторының орынбасары Лианна Керсбергенмен және Нидерландтың «NVWA» Азық-түлік қауіпсіздігі мен тұтынушы тауарлары басқармасының аға маманы Йерун Кавеларспен кездесті.

Тараптар импорт пен экспорт кезінде карантинге жататын өнімнің фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін талқылады. Талқылау импорттайтын елдердің талаптарын сақтау, сертификаттау кезіндегі бақылау процедураларын жетілдіру, сондай-ақ фитосанитарлық тәуекелдерді басқаруды қамтыды.

Кездесуде карантинге жататын зиянды организмдердің таралуына жол бермеу және ауылшаруашылығы өнімдерінің тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету мақсатында құзыретті органдардың үйлестірілген әрекеттерінің маңыздылығы атап өтілді.

Екі елдің бейіндік қызметтері арасындағы өзара әрекеттестік конструктивті және динамикалы дамып келе жатқан сипатта екені, сондай-ай оның сенім мен өзара мүдденің жоғары деңгейін көрсететіні белгіленді.

Нидерланд делегациясы ҚР АӨМ АӨК мемлекеттік инспекциясы комитеті жанындағы Өсімдік карантині республикалық орталығының жұмысымен, зертханаларды техникалық жабдыкталуы мен операциялық қызметімен танысты.

Кездесу нәтижесінде тараптар институционалды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және жүйелі кәсіби диалогты дамытуға дайындығын растады.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:фитосанитарный контрольGrow ExpoҚР АӨМНидерландкарантин организмдерагроэкспортNVWA
Қаралым: 0

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз