Қазақстан мен Корея арасындағы 46 бірлескен жоба 3,9 млрд доллар инвестицияны құрайды

2026 ж. 9 сәуір
Қазақстан мен Корея арасындағы 46 бірлескен жоба 3,9 млрд доллар инвестицияны құрайды

@МПС РК

ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нагаспаев Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чон Кванмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен болашағы, сондай-ақ өнеркәсіптік, құрылыс және геология салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

Ерсайын Нагаспаев екі ел арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның қазіргі уақытта 3,9 миллиард АҚШ долларына жуық жалпы инвестиция көлемі бар 46 бірлескен жобаны қамтитынын атап өтті. Бұл жобалар Hyundai мен Kia жеңіл автомобильдерін, Hyundai жүк көліктері мен автобустарын шығаруды, SAC Co компаниясымен бірге ферроқорытпа зауытын салуды, Samsung Electronics компаниясымен тұрмыстық техника өндіруді қоса алғанда, бірнеше маңызды бағыттарды қамтиды.

Өнеркәсіп министрі сонымен қатар Alatau City жобасын іске асыруда кореялық компаниялардың қатысуының маңыздылығын атап өтті. Бұл жоба инвестицияларды тартуға, озық технологиялар мен заманауи басқару стандарттарын енгізуге қолайлы жағдайлар жасауды көздейтін арнайы заңи режим алған.

Кездесуде геология саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Ерсайын Нагаспаев Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геология форумы аясында Корея геология ғылымдары мен минералды ресурстар институтының (KIGAM) басшыларымен болған кездесу туралы еске салды. Сол кезде KIGAM-мен бірлескен бастамаларды дайындау, пайдалы қазбалар пайдалану саласында озық технологияларды енгізу және ынтымақтастықтың «жол картасын» қалыптастыру туралы келісімге қол жеткізілгендігі айтылды.

Өз кезегінде Ким Чон Кван екіжақты өзара іс-кимылдың жоғары әлеуетін атап, өнеркәсіпте, инфратуратурада және сыни маңызды ресурстар саласындағы серіктестікті одан әрі кеңейтуге деген мүддені білдірді.

Кездесу нәтижесінде тараптар Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы келісті. Сондай-ақ үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысына дайындық мәселелері талданды.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:Ерсайын НагаспавКим Чон КванҚР-Кореяинвестицияөнеркәсіпбірлескен проекттерAlatau City
Қаралым: 2

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз