Қазақстан мен Индонезия БҰҰ және ИЫҰ аясындағы ынтымақтастықты талқылады

2026 ж. 27 ақпан
Қазақстан мен Индонезия БҰҰ және ИЫҰ аясындағы ынтымақтастықты талқылады

@МИД РК

ӘлемАвтор: Mangilik

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Джакартаға жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында ол Индонезия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің вице-министрі Анис Матта және Көпжақты ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Три Тарьятоммен кездесулер өткізді.

Келіссөздерде тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты дамытудың кең спектрі мәселелерін талқылады.

Ерекше назар Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға, Палестина мәселесіне, бейбітшілік кеңесі мен Халықаралық тұрақтандыру күштеріндегі бірлескен қатысу ескеріле отырып, су проблемаларына және халықаралық бастамаларға өзара қолдау көрсетуге аударылды.

Тараптар халықаралык күн тәртібіндегі белгіленген мәселелер бойынша тығыз өзара іс-кимылды жалғастыру туралы келісті.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:Әлібек БакаевИндонезияСырткі істер министрлігіБҰҰИЫҰекіжақты қарым-катынасхалыкаралык ынтымактастык
Қаралым: 10

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз