Қазақстанның Авиациялық Әкімшілігі ИКАО-мен оқыту туралы келісімді жаңартты

@МТ РК
Қазақстанның Авиациялық Әкімшілігі (ААӘ) Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы (ИКАО) мен оқыту қызметтері туралы келісімді жаңартты. Құжат Мароккодағы Марракеш қаласында өткен ИКАО Global Implementation Support Symposium 2026 форумы аясында қол қойылды.
Жаңартылған келісім 2026 жылы ААӘ қызметкерлерін оқыту бағдарламасын іске асыруға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде мамандар біліктілігін арттыру және кәсіби құзыреттілікті дамыту мақсатында виртуалды және дәстүрлі аудиториялық курстар өтеді.
Келісімнің іске асуы аясында 2026 жылы негізгі бағыттар бойынша барлығы 23 курс өткізіледі. Оларды сәтті аяқтаған түлектер ИКАО-ның халықаралық сертификаттарын алады.
Құжатты Қазақстан Авиациялық Әкімшілігінің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі атқарушы директоры Аслан Сатжанов қол қойды. Ол бұл оқиғаны екі тарап арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі деп бағалады. Бұл серіктестік халықаралық стандарттарға сәйкес авиация мамандарын даярлау жүйесін нығайту, ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру, сондай-ақ саладағы заманауи тәжірибелер мен тұрақты оқыту механизмдерін енгізуге бағытталған.
Дереккөз: www.gov.kz