Қазақстан мен Германия сыртқы саяси диалогты нығайтады

2026 ж. 7 сәуір
Қазақстан мен Германия сыртқы саяси диалогты нығайтады

@МИД РК

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Германияның Сыртқы істер министрлігінің Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік министрі Гюнтер Крихбауммен кездесті. Бұл кездесу Астанаға жасалған жұмыс сапары аясында өтті.

Келіссөз барысында екі ел арасындағы қатынастардың ағымдағы жағдайы мен болашағы талқыланды. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына тоқталды.

Ерекше назар көлік-логистика саласындағы өзара іс-әрекетке аударылды. Тараптар Халықаралық транскаспийлік көлік маршрутын дамыту мәселелерін, сондай-ақ герман компанияларының Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысуын талқылады.

Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізілді. Бұл ретте екіжақты ынтымақтастықпен қатар БҰҰ сияқты көпжақты платформалардағы іс-кимылдарды үйлестіру мәселесі де көтерілді.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Германия серіктестікт одан әрі нығайтуға және барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтасты кеңейтуге деген өзара қызығушылығын растады.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:Арман ИсетовГерманиясырткы саясатдипломатияТМТМекiжактi катинас
Қаралым: 0

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз