Казахстан мен TotalEnergies 1 ГВт қуатты «Мирный» жел электростанциясын салуды талқылады

@МЭ РК
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов француздық TotalEnergies энергетикалық концернінің жоғары деңгейлі менеджментімен кездесті. Келіссөзге TotalEnergies EP-нің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша аға вице-президенті Мансұр Жақыпов пен Қазақстандағы TotalEnergies басшысы Фруде Юнес қатысты.
Тараптар компанияның Қазақстандағы негізгі инвестициялық бастамаларын іске асыру барысын талқылады. Талқылау барысында Жамбыл облысында салынатын 1 ГВт қуатты «Мирный» жел электр станциясы жобасына ерекше назар аударылды. Бұл жоба елдегі ең үлкен жел энергиясы көзі болып табылады.
«Мирный» станциясы Қазақстан мен Франция арасындағы декарбонизация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды буыны болып саналады. Екі елдің үкіметтері арасындағы арнайы келісім осындай серіктестікті ресімдейді.
Электростанцияның ерекшелігі оның гибридтік сипатында: тек жел генерациясымен шектелмей, кешенге 300 МВт/600 МВтч сыйымдылығы бар қуатты аккумуляциялық жүйе орнатылады. Бұл желіге берілетін қуатты тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Жоба шеңберінде «ОҢГРЭС» пен «ШУ» қосалқы станцияларына қосылу үшін 280 шақырым биік вольтті электр желілерін салу жоспарлануда.
Кездесу соңында Ерлан Ақкенженов шетелдік серіктестерге Энергетика министрлігінің толық қолдауын және конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екендігін білдірді. Бұл өндірістік қуаттарды уақытында пайдалануға және Қазақстан мен Франция арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жағдай жасайды.
TotalEnergies компаниясымен бірлескен жобаның іске асуы Қазажстанның көміртегі бейтараптану мақсаттарына елеулі үлес қосады, өңірді таза энергиямен қамтамасыз етеді және ЖӘӘ секторында жаңа технологиялық біліктілікті дамыту үшін негіз жасайды.
Дереккөз: www.gov.kz