Тенгіз жобасы мен Транскаспий маршруты: ҚР Энергетика министрі Chevron басшыларымен кездесті

@МЭ РК
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Хьюстонда (АҚШ) өткен CERAWeek халықаралық конференциясы аясында Chevron корпорациясының Басқарма төрағасы және Бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен екіжақты кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар АҚШ капиталы қатысатын ірі мұнай-газ активтерін іске асырудың ағымдағы жағдайын талқылады. Қазақстанда 30 жылдан астам уақыт бойы қызмет атқара отырып, Chevron корпорациясы Тенгіз мен Қашаған кен орындарында озық технологиялық шешімдерді енгізе отырып, елдегі ең ірі шетелдік инвестор ретінде орнын бекіткені атап өтілді.
Ерлан Ақкенженов негізгі жобалардың тұрақты жұмысына назар аударды, соның ішінде Тенгіздегі «Болашақты кеңейту жобасының» (ПБР) сәтті аяқталуын ерекше атап көрсетті. Сондай-ақ, Қарашығанақта өндірістік қуаттарды біркелкі арттыру және Солтүстік Каспий жобасында тиімді өндірісті сақтау бойынша бірлескен шаралар талқыланды.
Экспорттық логистиканы дамыту мәселелері келіссөздердің жеке тармағын құрады. Тараптар маршруттарды әртараптандыру перспективаларын, соның ішінде Қазақстанның көмірсутек шикізатын әлемдік нарықтарға сенімді тасу үшін стратегиялық маңызы арта түсетін Транскаспийлік халықаралық көлік маршрутының (Орталы дәліз) әлеуетін арттыру мәселелерін назардан тыс қалдырмай талдады.
Кездесу барысында екіжақты серіктестіктің стратегиялық сипатына адалдығы атап өтілді. Қазақстан тарапы шетелдік капиталмен өзара әрекеттесудің негізгі басымдықтарын белгіледі: елдің ішкі нарығын энергоресурстармен ұзағыра мерзімге кепілдендіруді қамтамасыз ету, технологиялар трансферін ынталандыру және іске асырылып жаткан мегажобалардан республика халqы үшін әлеуметтік-экономикалыq тиімділіктi арттыру.
Кездесудiң соңында Ерлан Аqкеңжеов пен Майкл Уирт Қазаqстанның iрi мұнай-газ активтерiнiң ұзағыра мерзімдi тұраqты дамуына бағытталған конструктивті диалогты жалғастыру туралы келістi.
Дереккөз: www.gov.kz