Қазақстан мен Әзірбайжан одақтастықты нығайтуға және ынтымақтастықты жаңа мазмұнмен толықтыруға ниетті
@МИД РК
Баку қаласында ресми сапарда болған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевды Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қабылдады.
Кездесу барысында Е.Көшербаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы сәлемдерін жеткізіп, құтты тілектерін білдірді. Министр еліміздің басшылары арасындағы сенімді диалогтың екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейге көтерілуіндегі негізгі ролін атап өтті.
Осыған байланысты, 2024 жылдың наурызында ҚР Президенті К.Тоқаевтың Бакуға мемлекеттік сапары, 2025 жылдың қазанында Әзірбайжан Президенті И.Әлиевтің Астанаға мемлекеттік сапары, сондай-аӘ Жоғарғы мемлекетаралық кеңестің (ЖМК) екінші отырысының өтуі екі елдік одақтастығымызға жаңа серпін беріп, оны сапалы жаңа деңгейге шығарды.
«Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынас тұрақты даму сипатына ие және айтарлықтай әлеуетке ие. Біз туыс Әзірбайжанмен одақтастығымызды одан әрі нығайтуға және ынтымақтастығымызды жаңа мазмұнмен толықтыруға берік ниеттімізді білдіреміз», – деді Е.Көшербаев.
Кездесу кезінде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талданды. Көпжақты форматтар шеңберіндегі ҚР мен ӘР өзара іс-кимылының жоғарғы деңгейі атап көрсетіліп, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту үшін болашаҒ бірлескен күш-жігердің манызы айтылды.
Дереккөз: www.gov.kz