Қазақстан мен Армения саяси диалог пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтады
@МИД РК
Ереван қаласында ресми сапарда болған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен кездесті.
Сыртқы істер басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы сәлемдерін жеткізіп, армян коллегасына ең жақсы тілектерін білдірді.
Е. Көшербаев Қазақстанның қазақ-армян қарым-қатынастарын дамытуға Армения Президентінің жеке назары мен үлесін бағалайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ В. Хачатурянның 2026 жылдың 22-23 сәуірінде Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитіне қатысу шешімі үшін алғыс білдірді.
«Армения – бізбен тығыз жан-жақты байланыстармен байланысқан, Қазақстанның маңызды және сенімді серігі. Бүгінде қазақ-армян байланыстары дәйекті қарьыммен, конструктивті көзқараспен және бір-бірінің мүдделерін ескеруге дайындығымен дамиды. Мұна ең жоғарғы деңгейдегі сенімді саяси диалог, белсенді дамып келе жаткан парламентаралық және үкіметаралық ынтымақтастык септігін тигізеді», – деп атап өтті ҚР СІМ басшысы.
Өз кезегінде В. Хачатурян БҰҰ шабыттандыруымен Астанада ұйымдастырылатын Аймактык экологиялык саммит өткізу өзектілігін белгіледi. Армения Президентi экологиялык сындарға бірлескен жауаптар іздеу үшін әлемдік қоғамдастык күштерiн бiрiктiру қажеттiлiгi туралы Қазакстанның позициясына толығымен қосылатынын мәлімдедi.
Кездесу соңында Президент достык пен өзара құрметке негізделген армяно-казах қарым-катынастарын одан әрi дамыту мен нығайтуға Арменияның зор мән беретiнін атап өттi.
Дереккөз: www.gov.kz