Казахстан мен Ресей АЭС мамандарын даярлау жөніндегі ынтымақтастықты кеңейтеді

2026 ж. 24 ақпан
Казахстан мен Ресей АЭС мамандарын даярлау жөніндегі ынтымақтастықты кеңейтеді

@UlysMedia

Казахстан мен Ресей атом электр станциялары үшін мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастығын тереңдетуді жалғастыруда. Екі жақ бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуды, сондай-ақ ғылыми зерттеулер саласындағы серіктестікті кеңейтуді талқылады.

Бұл ретте Қазақстанның Ядролық физика институты қызметкерлерін Ресейдің МИФИ ұлттық зерттеу ядролық университетінің аспирантура және ғылыми стажировка бағдарламалары бойынша оқыту мүмкіндігі қарастырылуда.

Ресейлік жоғары оқу орны өкілдерінің айтуынша, жасалған меморандум ядролық энергетика үшін кадрларды жүйелі даярлауды дамытуға, ұйымдар арасындағы ғылыми-білім беру серіктестігін нығайтуға, сондай-ақ ғылым мен жоғары білімнің өзара іс-әрекетінің тұрақты моделін қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы аясында Казахстанның стратегиялық міндеттерін ескере отырып, атомдық сала мамандарын нысаналы даярлау енгізілетіні хабарланды.

Бұдан бұрын ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы Казахстандағы АЭС үшін жоғары білікті мамандарды даярлай алатынына сенімділігін білдірген еді.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Тегтер:АЭСКазахстанРесейядролы энергетика"Болаша""Росатом"блім бер
Қаралым: 3

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз