Қазақстан 2025 жылы газ өндіруде рекордтық көрсеткішке жетті

@МЭ РК
Энергетика министрлігінің кеңейтілген коллегиясында мемлекеттің газ саласының негізгі қорытындылары мен болашақ даму жоспарлары талқыланды.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша табиғи газ өндіру көлемі 68,2 млрд текше метрді құрап, жоспардан 8,6%-ға асып түсті. Бұл республика тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
Ресурстық базаны нығайту бағытында маңызды оқиға Жамбыл облысындағы қоры 1,5 млрд текше метрді құрайтын «Барханная» кен орнының пайдалануға берілуі болды. Сонымен қатар, саланы 2029 жылға дейін дамытудың Кешенді жоспары бекітілді.
Газ тасымалдау желілерін дамытуда да ірі қадам жасалды: 2025 жылы «Талдықорған – Үшарал» магистральды газ құбыры мерзімінен бұрын салынып бітірілді.
«Елімізді газификациялау деңгейі 64,2%-ға жетті, бұл 13,1 млн адамға табиғи газды қолжетімді етті. Газ инфрақұрылымын дамыту үшін 2026 жылы 40 жобаны іске асыру мақсатында 27,6 млрд теңге бөлінді. Олардың ішіндегі негізгісі – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» стратегиялық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңін салуды аяқтау», – деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Газ өңдейтін қуаттарды салуға ерекше назар аударылуда. Аталмыш бағыттағы іс-шаралар тобына Кашагандағы куаттылығы 1 млрд текше метр болатын ГӨЗ-ді (газ өңдеу зауыты) 2026 жылдың желтоқсанында іске қосу, Жаңаөзендегі жаңа ҚазГӨЗ (куаттылығы 0,9 млрд текше метр) үшін мемлекеттік сараптама алу, сондай-ақ Кашагандағы тағы бір куаттылығы 2,5 млрд текше метрлік ГӨЗ үшін техника-экономикалық негіздеме (ТЭН) жасау кірді.
Жобалар тобының іске асуы газ өндірудің жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді және ел экономикасы мен халқын тұрақты ресурспен қамтамасыз етеді.
Дереккөз: www.gov.kz