Түркі мемлекеттері ұйымының азаматтық қорғаныс механизміне қатысу туралы келісім ратификацияланды
@TengriNews
Қазақстан Республикасы Сенаты Түркі Мемлекеттерінің Ұйымы (ТМҰ) шеңберіндегі ортақ азаматтық қорғаныс механизмін құру туралы келісімді ратификациялады. Құжат бойынша, Қазақстан жаңа құрылымның бюджетіне жылына 50 мың АҚШ долларын төлейді.
Сенатор Андрей Лукиннің айтуынша, бұл шешім мүше елдерге азаматтардың өмірін құтқару, мүлігін қорғау, медициналық және гуманитарлық көмек көрсету, сондай-ақ табиғи және техногендік апаттардың пайда болу тәуекелдерін мониторингілеу мен талдау саласындағы күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді.
Көмек залал шеккен тараптың сұранысы бойынша ерікті негізде көрсетіледі, ал оны көрсету туралы шешімдер консенсус негізінде қабылданады.
Келісімнің жоғарғы органы Министрлер Кеңесі және штаб-пәтері Стамбулда орналасатын хатшылық болып табылады. Сенатордың сөзі бойынша, түрік жағы үй-жай беруге және ұйымдастырушылық мәселелерде көмектесуге міндеттемелерді өз өміріне алады.
«Түркі Мемлекеттерінің Ұйымының азаматтық қорғаныс механизмінің өз бюджеті болады. Ол қатысушылардың жыл сайынғы міндетті төлемдері есебінен қалыптасады. Бюджетке арналған жеке халықаралық шарт күшке енгенге дейін әрбір тарап үшін жыл сайынғы 50 мың доллар мөлшеріндегі міндетті төлем белгіленген. Келісім күшке енгеннен бастап алғашқы екі жыл ішінде осы төлемдердің жалпы көлемін асатын шығыстарды Түркия жабады», – деді Андрей Лукин.
Сенатор кулуарында жиналған қаражаттар хатшылықты ұстау, оқыту шаралары мен бірлескен дайындықтар өткізуге бағытталатынын түсіндірді. Оның айтуынша, оқыту алдымен цифрлық платформалар арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар практикалық дайындықтар мен семинарлар да өткізіледі. Сонымен бірге ТМҰ елдерінің спасательдері оқитын тиісті база да даярланады.
ТМҰ-ның бес толық құқылы мүшесі (Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан) бар. Сондай-ақ үш байқаушы ел (Венгрия, Түркменстан, Солтүстік Кипр) бар. Ұйымның негізгі мақсаты – саяси, экономикалық, сауда-коммерциялық, мәдени-білім беру саласындағы ынтымақтастығы мен қауiпсiздiктi дамыту болып табылады.
Дереккөз: tengrinews.kz