Президент денсаулық сақтау жүйесінің дамуы туралы есепті тыңдады

@МЗ РК
Қазақстан Президенті Денсаулық сақтау министрі Акмарал Альназарованың есебін тыңдады. Есепте саланың ағымдағы жағдайы мен болашақ даму перспективалары қарастырылды.
Министр негізгі медико-демографиялық көрсеткіштер туралы мәлімет берді. Жалпы және нәресте өлімі 15,3%-ға тұрақты төмендеу тенденциясын сақтап отыр. Еліміз жұқпалы емес аурулардан ерте өлімді 25%-ға қысқарту бойынша ДДҰ-ның мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізді.
Акмарал Альназарова медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру, бастапқы көмек буынының жұмысын жетілдіру, скрининг бағдарламаларын кеңейту, ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін жаңғырту бойынша шаралар туралы айтты.
Онкологиялық қызметті дамыту жалғасуда. Астанадағы жаңа онкоорталық негізінде протонды терапия орталығы ашылды.
Қызылорда мен Актау қалаларында ПЭТ/КТ орталықтары пайдалануға берілді. Барлық өңірлерде сарапшы эндоскопиялық орталықтар іске қосылды. Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен бірнеше аймақтық нысандардың құрылысы аяқталды.
Кездесу барысында Медициналық сақтандыруды мемлекеттік тарту жүйесіндегі қаржылық бақылауды нығайту шараларына ерекше назар аударылды. Бұл бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануды автоматтандырылған мониторингілеуді және медициналық қызмет көрсетушілерге талаптарды қатаңдатуды қамтиды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін министрлік Денсаулық сактаудың біртұтас цифрлык инфракурылымды калуга жүйелі жұмыс жүргізіп отыр. Тарашы информатикаланган жүйелер E-Densaulyq экожүйесіне біріктірілуде.
Министр сонымен катар фармацевтика өнеркәсібіндегі инвестициялар көлемі соңғы екі жыл ішінде 2,3 есеге өскенін, ал сала өнімдерінің экспорты 1,9 есеге артканын хабарлады. 400-ден астам дәрі-дәрмектің түрлерін шығару бойынша 316,3 млрд теңгеге 6 инвестициялык келісім жасалған.
Акмарал Альназарова сала кадрлар әлеуетін дамыту, медицина кадрларына әлеуметтік колдау көрсету мәселелері туралы да мәлімет берді.
Президент медициналык кузметтер сапасын арттыру, саладагы каржы тәртібін ньггайту, кадрлар даярлоу жүйесiн жегiлдiру, денсаулъиц сактаудьщ цифрльщ трансформациясьщ жеделдетiлуi мен отандьщ фармацевтика онерксiбicin дамыту боиньща бipкатар тапсьпрамалар бердi.
Дереккөз: www.gov.kz