Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен келді
2026 ж. 4 қараша

@UZDaily
ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен келді. Сапар Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен өтеді.
Бұхара халықаралық әуежайында қонақты мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Ресми қарсы алу рәсімі аясында екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті караул қатары түзілді. Әскери оркестр Өзбекстан мен Қазақстанның мемлекеттік әнұрандарын орындады, сондай-аұ ұлттық әндер мен билер тамашаланды.
Сапар барысында жоғарғы деңгейдегі екіжақты келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, елбасылар ежелгі Бұхараның бірқатар тарихи-мәдени ескерткіштерін, сондай-аұ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары мен басқа да нысандарының қызметімен танысады.
Дереккөз: www.uzdaily.uz
Тегтер:Қасым-Жомарт ТоқаевӨзбекстанжұмыс сапарыШавкат МирзиёевБұхараекіжақты қатынастар
Қаралым: 0
Пікірлер (0)
Жүктелуде...