Нефть бағасы Иран төңірегіндегі шиеленіске байланысты өсіп жатыр

@UlysMedia
Халықаралық нарықта мұнай бағасы жоғарылауда. Brent маркалы мұнайдың фьючерсі 71,06 доллар деңгейінде саудаланып, 21 центке (0,3%) қымбаттады. АҚШ-тағы WTI маркасының фьючерсі 16 центке (0,2%) өсіп, баррелі 65,58 долларға тең болды.
Сәрсенбі күні екі марканың котировкасы да өзгеріссіз аяқталған болатын. Алайда, дүйсенбіде Brent маркасының бағасы шілденің 31-ден бергі ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл өсім Вашингтонның Иранға қысым көрсету және оның ядролық пен зымыран бағдарламалары бойынша келіссөздерге отыруын талап ету мақсатында Жақын Шығысқа қосымша әскери күш жібергенімен байланысты.
Нарықтың не күтіп тұрғанын Fujitomi Securities компаниясының сарапшысы Тоситаки Тадзава түсіндірді. Оның айтуынша, саудагерлердің назары АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер нәтижесінде соғыс қимылдарынан сақтану мүмкіндігіне аударылған.
Сарапшы шектеулі және қысқа мерзімді әскери қақтығыс болса да, WTI бағасы уақытша 70 доллардан асуы мүмкін екенін атап өтті. Мұндай жағдайда баға одан әрі 60-65 доллар аралығына оралуы тиіс. Егер дау ұзарса, онда ОПЕК-тегі үшінші ірі мұнай өндіруші – Ираннан және Жақын Шығыстың басқа елдерінен жеткізулер үзілу қаупін тудырады.
Бейсенбі күні Женева қаласында тараптар арасында үшіншір раунд келіссөздер өтеді. АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер иран делегациясымен кездеседі.
Дереккөз: ulysmedia.kz