Блогер Ильяр Ювашевға қатысты бағдарлама желіде пайда болды

2026 ж. 29 наурыз
Блогер Ильяр Ювашевға қатысты бағдарлама желіде пайда болды

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash

Құқықтық статистика және арнайы есеп органдарының порталында блогер Ильяр Ювашевке қатысты іздестіру бағдарламасы жарияланды. Ол апта басында іздестіруге тапсырылған болатын.

Бағдарлама деректеріне сәйкес, блогерге қатысты іздестіру ісі Астанада тіркелген. Іс жүргізуді Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) бастаған. Іздеуді астаналық ҚМА Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.

Бұрын хабарланғандай, белгілі қазақстандық блогер «Ильярчик» (andersonchik1) ел аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казиноның қызметін ұйымдастыруға көмектесу күдігімен мемлекетаралық іздестіруге тапсырылды.

Ұйымның ақпараты бойынша, Ильяр Ювашев Салаватович 2024–2025 жылдар аралығында mellstroy.game ресурсын қоса алғанда, интернет-казинолар желісін құру мен басқаруға қатысқан.

Скриншот с сайта qamqor.gov.kz

ҚМА мәліметінше, қаржы ағынын легализациялау және операцияларды жасыру үшін 22 көмекші заңды тұлға тіркелді, сонымен қатар POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылды. Олар арқылы ойыншылардан 3,6 миллиард теңгеден асатын қаражат түсірілді.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:Ильяр Ювашевблогерзаңсыз казиномемлекетаралық іздестіруҚаржылық мониторинг агенттігіэкономикалық тергеу
Қаралым: 13

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз