Италия АҚШ-тың Иранға қарсы соғысына қатысатын әскери ұшақтарына түсуге тыйым салды

2026 ж. 31 наурыз
Италия АҚШ-тың Иранға қарсы соғысына қатысатын әскери ұшақтарына түсуге тыйым салды

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash

Италия Сицилия аралындағы Сигонелла әскери базасына түсуге дайындалып жатқан бірнеше америкалық әскери ұшаққа рұқсат беруден бас тартты. Бұл шешім АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жүргізген әскери операциясына қатысқан ұшақтарға қатысты болды.

Итальяндық баспасөз деректеріне сәйкес, оқиға бірнеше күн бұрын болған. Рұқсат бермеу туралы шешімді Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто жеке қабылдаған деп хабарланады.

Америкалық бомбалаушы ұшақтар ауада болып, Сицилия бағытына бет алған кезде итальяндық жағы олардың түсуіне тыйым салды. Бастапқы жоспар бойынша, АҚШ ұшақтары Сигонеллада тынығу үшін тоқтап, содан кейін Таяу Шығыс аймағына ұшуы тиіс еді.

Дегенмен, Италияның әскери командалығы осы рейстер туралы алдын ала хабарланбаған және мұндай жағдайда қажетті консультациялар өткізілмеген. Дәл осы жағдай рұқсат бермеу себебі болды.

Сигонелла әскери аэродромы Сицилияның шығысында орналасқан. Онда Италияның Әуе күштерінің базасымен қатар АҚШ Әскери-теңіз күштерінің объектісі де бар. Бұл база НАТО-ның басқа да елдерімен пайдаланылады.

Бұдан бір күн бұрын, 30 наурызда Испанияның Қорғаныс министрі Маргарита Роблес елдің аумағын Иранмен соғыста қолданылатын америкалық ұшақтар үшін жабу туралы мәлімдеді. Ол: «Біз Иранмен соғыспен байланысты іс-әрекеттер үшін де, әскери базаларды пайдалануға да, аумактык кеңістікті пайдалануға да рұхсат бермейміз», – деп атап өтті.

Испан баспасөзінің дереккөздерінің мәліметінше, Мадрид АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясына қатысатын истребительдер мен жанармай толтырғыш самолеттерге Испанияның оңтүстігіндегі Рота мен Морон-де-ла-Фронтера базаларын пайдалануды тыйым салумен шектелмейді. Сонымен қоса, Америка Құрама Штаттарының Ұлыбритания мен Франсия сиякты үшінші елдерде орналаскан ауалык кемелеріне де киму тыйым салынды.

Тек өте маңызды жагдайларда гана испан аумагы аркыли ушу немесе базага кону мумкіндігі сакталган.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:ИталияАҚШИранСигонеллаНАТОӘскери ушацтарСицилия
Қаралым: 8

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз