Израиль жаңа Иран көшбасшысын жоюға уәде берді

2026 ж. 4 наурыз
Израиль жаңа Иран көшбасшысын жоюға уәде берді

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранның кез келген жаңа көшбасшысы Израиль әскерінің «шартсыз жойылатын нысанасына» айналатынын мәлімдеді.

«Израильді жою жоспарын жалғастыруға, АҚШ-қа, еркін әлемге және аймақ елдеріне қарсы қауіп төндіруге, сондай-ақ иран халқын қанауға тағайындалған режимнің кез келген басшысы шартсыз жойылатын нысана болады. Оның есімі немесе жасырынатын орны маңызды емес», – деп Кац Х желісінде жариялады.

Ол өзінің хабарламасында премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен бірге осы міндетті орындау үшін барлық шараларды дайындауға және қабылдауға әскерге бұйрық бергенін қосты.

Бұл мәлімдеме Иранның Жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеиді елдің келесі рухани лидері ретінде тағайындау туралы хабарлардан кейін жасалды. Бұл шешімді Иран Эксперттер жиналысы Ислам төңкерісі сақшылары корпусының қысымымен қабылдады деп хабарланады.

Аталмыш аймақтағы соғыстың аяқталу белгісі әлі болмаса да, Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы 28 ақпанда басталған үлкен әскери операциясы жалғасуда. Израиль Тегеранның ядролық қару алуын болдырмау операцияның мақсаты екенін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жою ниетін білдірді және ел тұрғындарын режимді құлатуға шақырды. Сонымен бірге, АҚШ сенаторы Ричард Блюменталь Иран аумағына АҚШ-тың жер операциясының ықтималдығы туралы хабарлады.

Иран жағы Тегеран мен аймактағы басқа елдердегі азаматтық инфрақұрылымдар мен әскери нысандар ракеталармен соғылатынын мойындады. Өз кезегінде Тегеран израиль территориясы мен Таяу Шығыстағы американ базаларына жауаб ретінде шабуылдар жасап отыр.

1 наурыз түні Иран Жоғарғы көшбасшы Али Хаменеидің қайтыс болуын жариялады, бұл одан әрі шиеленісті арттырды.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:ИзраильИранИсраэль Кацорта шығыссоғысАли Хаменеи
Қаралым: 3

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз