Пезешкиан Трамптың Иранды «жер бетінен өшіру» сөзін қауіпсіздік иллюзиясы деп атады
@TengriNews
Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың елді «жер бетінен өшіргенін» айтқан сөзіне жауап берді. Пезешкиан бұл мәлімдемені «үмітсіздік пен әлсіздікті көрсететін иллюзия» деп сипаттады.
«Иранды жер бетінен өшіру туралы иллюзия тарих жасайтын ұлт еркінің алдындағы үмітсіздік пен әлсіздікті көрсетеді. Қауіп-қатер мен террор иран халқын одан да нығайта түседі», – деп Иран президенті Х желісінде жазды.
Ол сондай-ақ, кез келген қауіпке қарсы «орында жойқын жауап» беретінін уәде етті.
Ормуз бұғазының навигацияға жабылуы мәселесіне тоқталған Пезешкиан, Иран аумағына шабуыл жасамайтын барлық елдердің кемелері үшін бұғаздың ашық екенін атап өтті.
Дональд Трамп TruthSocial платформасындағы алдыңғы мәлімдемесінде АҚШ-тың «Иранды жер бетінен өшіргенін» мәлімдеген еді. Ол 17 наурызда жарияланған хабарламасында Иранның әскери күштерін талқандағанын, флоты мен әуе күштерін жойғанын, қорғаныс және радар жүйелерін жойғанын, сонымен қатар барлық деңгейдегі басшыларының жойылып, ендi ешқашан қауіп төндірмейтінін айтқан болатын.
Бірнеше күннен кейін Трамп АҚШ-тың Таяу Шығыстағы мақсаттарына жақындап, Иранға қарсы әскери операцияны тоқтатуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, мақсаттарға Иранның ракеталық әлеуетін толығымен жою, оның ішінде ұшыру қондырғылары мен қорғаныс өнеркәсібін талқандау, сонымен қатар теңiз және әуе күштерi мен зениттік қаруларды жою кiредi.
Дереккөз: tengrinews.kz