Иран министрі: Ресеймен ынтымақтастық жаңалық емес, құпия да емес
@TengriNews
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арағшы Ресеймен ынтымақтастықтың ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқанын мәлімдеді. Ол АҚШ-пен қарым-қатынас шиеленіскен кезеңде Мәскеуден қандай көмек алып жатқандығы туралы нақты мәліметтер беруден бас тартты.
Министр бейсенбі күні, 8 наурызда NBC News арнасына берген сұхбатында осы мәселеге тоқталды. Журналисттердің «Иран Ресейден қолдау ала ма?» деген сұрағына жауап ретінде Арағшы: «Иран мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жаңалық емес, құпия да емес», – деп атап өтті.
«Олар бізге көптеген салаларда көмектеседі. Менде егжей-тегжейлі ақпарат жоқ», – деді ол.
Сонымен бірге, Иран басшылығы ресейлік барлау қызметтерінің американдық әскери нысандардың орналасуын анықтауға комектесіп жатқандығы туралы нақты түсініктеме берген жоқ.
Бұған дейін The Washington Post газеті Ресейдің Иранға Таяу Шығыстағы АҚШ әскерлеріне соғу үшін барлау деректерін ұсынып жатқаны туралы хабарлаған болатын. Басылым Мәскеудің осылайша АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жүргізіп жатқан соғысына тікелей емес, жасаушы ретінде қатысатынын айтты.
Газеттің үш дереккөзінің мәліметінше, соғыстың басталуынан бергі уаքыт ішінде Ресей Федерациясы Иранға американдық әскери объектілердің, соның ішінде кемелер мен ұшақтардың орналасуы туралы айтарлыктай мол маліметтер табыстаған.
Басылымның материалдарында ракеталық шабуылдарды бағыттау мәселесіндегі көмектің нақты аумағы толығымен аныкталмагандыгы да атап өтілді. Сонымен катар, Иранның нысандарды табу мүмкіндігі соғыстың басталуынан бергі уакыт ішінде шектелген делінген.
Дереккөз: tengrinews.kz