Иран Азербайджанға қарсы дрон ұшыруды жоққа шығарды

2026 ж. 7 наурыз
Иран Азербайджанға қарсы дрон ұшыруды жоққа шығарды

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

Иран ресми түрде Азербайджан аумағына дрондардың құлауына қатысы бар деген айыптардан бас тартты. Елдің әскери-саяси басшылығы осы оқиғаны провокация деп атады.

Иран Әскери күштерінің Бас штабының мәлімдемесінде: «Ислам Республикасы Иран барлық елдердің, әсіресе мұсылман және көршілес мемлекеттердің егемендігіне құрмет көрсете отырып, Азербайджан Республикасына қарсы қарулы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппаратын іске қосуын теріске шығарады», – делінген.

Бас штаб жасаған тексеру нәтижелері бойынша, мұндай әрекеттер Иранға айып тагу мақсатында жасалған. Мәлімдемеде сонымен бірге осындай әрекеттердің бұрын да Израиль режимімен мұсылман елдер арасындағы қарым-қатынастарды нашарлату үшін жасалғаны атап өтілді.

Бұрын Нахчыван қаласындағы әуежай аумағына Ираннан ұшырылған дрондар құлағаны туралы хабарланған еді. Кейіннен Азербайджан Сыртқы істер министрлігі осы оқиға нәтижесінде әуежай ғимаратының зақымданып, бірнеше тұрғының зардап шеккенін хабарлады.

Баку Тегераннан болған оқиға бойынша жедел түсініктеме мен тергеуді, сондай-ақ ұқсас инциденттердің алдын алу шараларын талап етті. СІМ өкілдері Азербайджанның жауап шараларын қолдану құқығын сақтайтынын ерекше атап өтті.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:ИранАзербайджандронНахчывандипломатияшабуылБас штаб
Қаралым: 3

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз