Иран соғысты тоқтатудың үш шартын атады

2026 ж. 11 наурыз
Иран соғысты тоқтатудың үш шартын атады

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ пен Израильмен болып жатқан қақтығысты тоқтатудың негізгі шарттарын атап өтті. Ол Ресей мен Пәкістан көшбасшыларымен әңгімелесу барысында бұл талаптарды қайталады.

Пезешкианның айтуынша, соғысты тоқтатудың жалғыз жолы – Иранның заңды құқықтарын мойындау, репарация төлеу және болашақ агрессияға қарсы сенімді халықаралық кепілдіктер беру. Ол осы орайда: «Мен Иранның аймақтағы бейбітшілікке деген адалдығын растадым. Сионистік режим мен АҚШ бастаған бұл соғысты тоқтатудың жалғыз тәсілі – Иранның заңды құқықтарын тану, репарация төлеу және болашақ агрессияға қарсы берік халықаралық кепілдіктер» деп түсіндірді.

«Сионистік режим мен АҚШ бастаған бұл соғысты тоқтатудың жалғыз тәсілі – Иранның заңды құқықтарын тану, репарация төлеу және болашақ агрессияға қарсы берік халықаралық кепілдіктер»

Бұл мәлімдемеге дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияның жақын арада аякталуы мүмкіндігі туралы сөз қозғаған еді. Оның айтуынша, «соғыс өте жақсы өтіп жатыр», ал АҚШ белгіленген уаыттан әлдекайда озып келеді.

Трамп Иранға үлкен залал келтірілгенін атап өтіп, Тегеранның дұшпандығы тек Израиль мен АҚШ-ты ғана емес, сонымен қатар Парсы шығанағы елдерін де нысана алғанын айтты. Біріншіден, ол операция жақында аякталатынына себеп ретінде «соғыс үшін нысандар іс жүзінде қалмады» деген фактіні келтірді.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:ИранАҚШИзраильМасуд ПезешкианДональд Трампсоғысдипломатия
Қаралым: 3

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз