Жақын Шығыстан 1786 азаматты әкелген 11 рейс орындалды
2026 ж. 8 наурыз

@МТ РК
ЖаңалықтарАвтор: Mangilik
Наурыздың 7-сі мен 8-і түні Жақын Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, Scat, FlyDubai және Air Arabia әуе компанияларының 11 рейсі орындалды. Бұл рейстердің нәтижесінде елге 1786 жолаушы қайтарылды.
Наурыздың 8-іне Қазақстан Республикасының азаматтарын отанына қайтару мақсатында бірқатар ұшулар жоспарланған. Оларды Қазақстанның және шетелдік авиакомпаниялары орындайды.
Жалпы алғанда, наурыздың 3-інен бастап Жақын Шығыс аймағынан Қазақстанға барлығы 37 рейс орындалып, олармен елге 6254 адам қайтты.
Қазақстан азаматтарын қайтару жұмысы тиісті мемлекеттік органдар мен авиакомпаниялармен үйлестіріле отырып жалғасуда.
Дереккөз: www.gov.kz
Тегтер:эвакуацияЖақын ШығысAir AstanaScatFlyDubaiAir Arabiaрейстер
Қаралым: 3
Пікірлер (0)
Жүктелуде...