Жақын Шығыстан 1786 азаматты әкелген 11 рейс орындалды
2026 ж. 8 наурыз

@МТ РК
ЖаңалықтарАвтор: Mangilik
Жақын Шығыс елдерінен Қазақстанға наурыздың 7-8 түнінде Air Astana, Scat, FlyDubai және Air Arabia авиакомпанияларының 11 рейсі орындалды. Бұл ұшулардың нәтижесінде елге 1786 жолаушы қайтарып әкелінді.
Наурыздың 8-інде де Қазақстанның бірқатар азаматтарын отанына қайтару мақсатында жергілікті және шетелдік авиакомпаниялардың рейстері жоспарланған.
Жалпы алғанда, наурыздың 3-інен бастап Жақын Шығыс аймағынан Қазақстанға барлығы 37 рейс орындалып, олармен елге 6254 адам қайтты.
Азаматтарды қайтару жұмысы тиісті мемлекеттік органдар мен авиакомпаниялармен үйлестіріле отырып жалғасуда.
Дереккөз: www.gov.kz
Тегтер:Жақын ШығысэвакуациярейстерAir AstanaScatFlyDubaiAir Arabia
Қаралым: 2
Пікірлер (0)
Жүктелуде...