Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысы өтті

@МИД РК
Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысы Стамбул қаласында өтті. Оған мүше-мемлекеттердің сыртқы істер министрлері мен ұйымның Бас хатшысы қатысты.
Қазақстан делегациясын Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев басқарды. Оттырыс Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан төрағалығымен өтті.
Кездесу барысында аймақтық және жаһандық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді. Саяси әңгімелесуді нығайту, институционалды ынтымақтастықты кеңейту және түркі әлеміндегі интеграцияны тереңдетуге бағытталған бірлескен бастамаларды ілгерілету перспективалары талқыланды.
ТМҰ шеңберінде алдағы шараларға дайындық сұрақтарына, сондай-ақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша мүше-мемлекеттер арасындағы үйлестірмені нығайтуға ерекше назар аударылды.
Шара аясында Ә.Бақаев басшылығымен Қазақстан делегациясын Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сондай-а түркішыл ынтымақтастығы аясындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективалары талқыланды.
Тараптар туыс түркі халыктары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген өзара қызығушылығын растады. Халыкаралык және аймактык процестерде түркі элемiнiн ролiн арттыру максаты да козделдi.
Отырыс нәтижесінде Таяу Шығыстағы соңғы окиналар туралы ТМҰ Сырткі істер министрлерінiн бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Сонымен катар, «ТМҰ+» форматында үшіншi тараптармен ынтымактастык ережесі бекiтілдi.
Дереккөз: www.gov.kz