Токаев Грузияның Ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады
@Akorda
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тбилисидегі сапары аясында Грузияның Ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады. Кездесуде екі елдің құқық тәртібін сақтау және қылмыспен күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Грузияны Оңтүстік Кавказдағы елдің маңызды және сенімді серігі ретінде бағалады. Оның айтуынша, терең тарихи тамырлары бар екі халықтың арасындағы қарым-қатынас уақыт сынағынан өткен.

Кезекті сөзге ие болған Гела Геладзе Қазақстан азаматтарын да қоса алғанда, шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша грузин құқық қорғау органдарының жұмысы туралы Тоқаевке мәлімет берді.
Қазақстан мен Грузияның Ішкі істер министрліктері ұйымдасқан қылмыс, наша-және киберқылмыс, экстремизммен күрес сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ озық тәжірибе алмасу мен кадрлар даярлауға ниет білдірді.

Кездесудің соңында Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвилиге және Премьер-Министр Ираклий Кобахидзге сәлемдеме жолдады.
Дереккөз: www.akorda.kz