Токаев Сауд Арабиясының королі мен мұрагер ханзадасын негіз қалу күнімен құттықтады
2026 ж. 24 ақпан
@Akorda
ӘлемАвтор: Mangilik
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының билеушілерін – екі қасиетті мешіттің қамқоршысы Король Салман бен Әбділәзіз әл-Сауд пен Мұрагер ханзада, Премьер-Министр Мұхаммед бен Салман әл-Саудты Корольдіктің негіз қалу күнімен шын жүректен құттықтады.
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясын ислам әлемінде және Таяу Шығыста Қазақстанның басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. Достық және өзара сенім байланыстарына негізделген кешенді ынтымақтастық екі халықтың мүддесі үшін одан әрі белсенді дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Мұрагер ханзадасына жауапты қызметтерінде табыс, ал сауд халқына гүлдену мен береке тіледi.
Дереккөз: www.akorda.kz
Тегтер:ТокаевСауд Арабиясыхалықаралық дипломатиянегіз қалу күніСалман бен ӘбділәзізМұхаммед бен СалманҚазақстан
Қаралым: 2
Пікірлер (0)
Жүктелуде...