Қазақстан мен АҚШ 950 млн долларлық жобаларды және сирек кездесетін металдарды талқылады

2026 ж. 12 наурыз
Қазақстан мен АҚШ 950 млн долларлық жобаларды және сирек кездесетін металдарды талқылады

@МПС РК

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өнеркәсіптік, геологиялық, тау-кен және инвестициялық салалардағы ағымдағы жағдайы мен болашағы, соның ішінде қазба байлықтарды пайдалану және сирек кездесетін металдар мәселелері талқыланды.

Министр сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың, сондай-ақ жоғарғы деңгейде қол жеткізілген келісімдердің сапалы іске асырылуының маңыздылығын атап өтті.

«Еліміздің ынтымақтастығының негізгі бағыттарының бірі – өнеркәсіптік кооперация. Бүгінде инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 950 миллион АҚШ долларын құрайтын 12 бірлескен жоба іске асырылуда, ал біз өнеркәсіптік серіктестікті одан әрі кеңейтуге қызығушылық танытамыз», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Министр америкалық жағын «Geoscience & Exploration Central Asia» халықаралық геология форумына (2026 жылдың 2–3 сәуірінде өтеді) және «Critical Minerals Dialogue» өткізілуі жоспарланған «Astana Mining & Metallurgy Congress» (11–12 маусым) көрмесіне қатысуға шақырды.

[P]Кездесу нәтижесінде тараптар барлық өзара тиімді ынтымақтастық бағыттары бойынша белсенден байланыстарды сактауға дайын екендігін растады.

ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың АҚШ-тағы сапары аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нагаспаев АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен бірге сыни маңызы бар шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастық туралы түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:инвестициясирек металдарАҚШНагаспаевөнеркәсіпгеология
Қаралым: 4

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз