Казахстан Германияның KfW банкінен 100 млн доллар тартты

2026 ж. 26 ақпан
Казахстан Германияның KfW банкінен 100 млн доллар тартты

@МПС РК

ҚаржыАвтор: Mangilik

Германияның қаржы астанасы Франкфурт-на-Майне қаласында «Kazakhstan Investment Day» инвестициялық форумы өтті. Шараға германдық компаниялардың, салалық бірлестіктердің, қаржы институттары мен банк секторының 200-ден астам өкілі қатысты.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев елдің индустриялық саясатының басымдықтарын ұсынып, экономиканы әртараптандыру жұмыстарын, өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымды дамытуды, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту бойынша іске асырылып жатқан шараларды атап өтті. Герман инвесторлары үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға дайындығы ерекше атап көрсетілді.

«Біз герман капиталы мен озық технологияларды, әсіресе жоғары технологиялар мен инновациялық даму салаларында тартуға ерекше мән береміз. Соңғы 20 жылда Германияның Қазақстан экономикасына тікелей инвестицияларының көлемі 6,5 млрд еуродан асты, ал салымдардың шамамен 90% өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Бірлескен жобалар портфелінде сомасы 54,3 млрд АҚШ долларын құрайтын 43 инвестициялық бастама бар, оның 20-сы сәтті іске асырылып, шамамен 3 мың жұмыс орнын құрды», – деді Ерсайын Нағаспаев.

«Бірлескен жобалар портфелінде сомасы 54,3 млрд АҚШ долларын құрайтын 43 инвестициялық бастама бар»

Форум аясында «Өнеркәсіп, шикізат, логистика» және «Герман, еуропалық және қазақстандық инвесторлар үшін қаржыландыру құралдары» тақырыбында подиумдық пікірталастар болып өтті. Қатысушылар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың практикалық аспектілерін, өнеркәсіптік-технологиялық əмəбестіктің мүмкіндіктерін талқыласты.

✍️

Министр Airbus, Noble Elements GmbH, D.A.R Metal, Schachtbau Nordhausen жəне Thyssen Schachtbau компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Сондай-ақ Германия экономикасының Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармспен жəне KfW директорлар кеңесінің мүшесі Кристиана Лайбахпен келіссөздер болып, екіжақты əмəбестіктің ағымдағы жағдайы мен перспективалары қаралды.

🤝

Форум нəтижесінде «KfW IPEX-Bank» пен «Solidcore Resources plc» компаниясы арасында автоклавты тотығу технологиясын пайдалана отырып «Ертіс гидрометаллургия комбинаты» ЖШС салу инвестициялық жобасын іске асыруға бағытталған 100 млн АҚШ доллары көлеміндегі каржыландыру туралы ниет туралы келісімге кол қойылды.

Форудмын өту тараптардың ҚР мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы стратегиялық серiктестiктi одан əрi нығайтудағы өзара мүдделілігін растады.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:инвестицияГерманияKfWгидрометаллургия комбинатыЕрсайын Нагаспаевэкономика
Қаралым: 12

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз