Эрдоган Токаевке Қазақстанға сапары алдында жылы тілектер жеткізді
@TengriNews
Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган Қазақстанға жасалатын сапары алдында Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы тілектерін жеткізді. Бұл туралы Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз Ақордадағы кездесу барысында хабарлады.
Джевдет Йылмаз қонақжайлылығы үшін алғыс білдіріп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа түрік лидерінің жылы тілектерін табыс етті. Оның айтуынша, Түркия басшысы жақын арадағы Қазақстанға сапарына және Түркістанда өтетін БҰТЫҚ бейресми саммитіне қатысуына ерекше мән береді.
Вице-президент кездесу кезінде: «Сіз бен біздің президентіміз арасында қол жеткізілген келісімдер негізінде біз Премьер-Министр Олжас Бектеновпен Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның 14-ші отырысын өткіздік. Нәтижесінде әртүрлі салаларда нақты шараларды іске асыруды қамтитын бірлескен іс-әрекет жоспарына қол қойдық. Бұл құжат алдағы кезеңдегі сауда-экономикалық қарым-қатынастарымызға арналған жол картасы болады», – деп түсіндірді.
Қонақ сонымен қатар Мемлекет басшысын жаңа Конституцияны қабылдау бойынша бүкілхалықтық референдумды сәтті өткізгені үшін құттыктап, Қазақстанға одан әрі гүлдену тіледi.
Президент осы тағдырлы кезеңде бауырлас түрік халқының берiлген колдауын сезінетiнін атап өтіп, референдум өткізу барысында Түркиядан келген байқаушылардың ерекше рөлін атап көрсетті.
Бұған дейін Мемлекет басшысы, Джевдет Йылмазды сәлемдеп, оның Қазақстанға алғаш рет сапармен келгенін ескертеп, елiмiз үшiн Түркия стратегиялык серiктес екенiн атап өткен едi.
Дереккөз: tengrinews.kz