Ерболат Досаев «Самрук-Қазына» директорлар кеңесінен шығарылды
@TengriNews
Ерболат Досаев ұлттық әл-ауқат қоры «Самрук-Қазына» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.
Қордың түсіндірмесіне сәйкес, бұл шешім Президент Әкімшілігінің орынбасары лауазымынан босатылуымен байланысты. Үкіметтің қаулысы бойынша, осы лауазым иесі «Самрук-Қазына» директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
«2026 жылғы 25 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ерболат Аскарбекұлы Досаев ҚР Президенті Әкімшілігінің орынбасары қызметінен босатылды және тиісінше «Самрук-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттіктері тоқтатылды», – деп хабарлайды қор.
Еске салайық, Ерболат Досаев Президент Әкімшілығынің орынбасары болып жарты жыл жұмыс істеді. Ол осы лауазымға 2025 жылдың қыркүйек айында тағайындалған болатын.
Досаев «Самрук-Қазына» директорлар кеңесіне өткен жылдың желтоқсан айында, ал «Байтерек» ұлттық инвестициялық холдингіне 2026 жылғы қаңтарда кірді.
Ерболат Досаевтің негізгі карьералық кезеңдері:
Ол Республикалық физика-математика мектебін тәмәмдап, 1993 жылы Алматы энергетика институтын бітірді. Карьерасын жеке компанияларда бастаған. Мемлекеттік қызметте вице-министр (энергетика, индустрия, сауда; қаржы), министр (қаржы; денсаулық сақтау; экономикалық даму; ұлттық экономика) лауазымдарында болды. 2019-2022 жж. Ұлттық Банкті басқарды, содан кейін Алматы әкімі болып тағайындалды.
Дереккөз: tengrinews.kz