Ербол Хамитов Паралимпиадада алтын медаль жеңіп алды

2026 ж. 13 наурыз
Ербол Хамитов Паралимпиадада алтын медаль жеңіп алды

@МТИ РК

Қазақстандық парабиатлоншы Ербол Хамитов Милан–Кортинада өткен Қысқы Паралимпиада ойындарында тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол 4,5 шақырымдық қуғын жарысында жеңімпаз атанды.

Хамитов трассаны 9 минут 39 секундта жүріп өтіп, паралимпиялық чемпион атағына ие болды. Күміс медальді екі дүркін паралимпиялық чемпион украиналық Тарас Радь (10:00.5) иеленсе, қоланы қытайлық Лю Цзысюй (10:11.5) алды.

Бұл Ербол Хамитовтың осы Паралимпиададағы екінші медалі. Ол бұрын паралыжа жарысында қола жүлдегер атанған болатын.

Қазақстан үшін бұл алтын – елдің барлық уақыттағы Қысқы Паралимпиадалар тарихындағы бесінші медалі және екінші алтыны. Сонымен қатар, бұл Қазақстанның парабиатлоннан алған тұңғыш алтын медалі болып табылады.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:Ербол ХамитовПаралимпиадапарабиатлоналтын медальҚазақстанспортжеңіс
Қаралым: 2

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз