E-procurement электрондық жүйесі Солтүстік Каспий жобасында енгізілді

2026 ж. 11 наурыз
E-procurement электрондық жүйесі Солтүстік Каспий жобасында енгізілді

@МЭ РК

Қазақстандық тауар, жұмыс пен қызмет өндірушілерін қолдау және ірі мұнай-газ жобаларында отандық құндылықты дамытудың тиімді жүйесін құру мақсатында Энергетика министрлігі мен Өнімді бөлу туралы келісімдердегі Өкілетті орган бірлесіп Солтүстік Каспий жобасына E-procurement электрондық сатып алу жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізді.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды сатып алу жүйесі толық көлемде іске қосылды және толық ауқымды режимде жұмыс істей бастады.

Цифрлық жүйе тендерлік процестерді тауар, жұмыс пен қызметтердің әлеуетті жеткізушісінен өтініш беру сәтінен бастап, тиісті шарттар жасасуды аяқтағанға дейін қамтиды.

Жүйені енгізу әкімшілік кедергілерді азайтуға, өтініштерді қарау мерзімдерін қысқартуға, сондай-ақ жеткізушілер арасындағы бәсекелестік деңгейін арттыруға бағытталған. Электронды формат Солтүстік Каспий жобасының сатып алу процедураларына қатысушыларға тең қолжетімділікті, сондай-ақ қажеттілікті қалыптастырудан бастап шартты міндеттемелерді орындауға дейін барлық кезеңдердегі ашықтықты қамтамасыз етеді.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:E-procurementСолтүстiк КаспийNCOCсатып алутендерэлектронды платформамунай-газ секторы
Қаралым: 4

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз