Қазақстан 2026 жылға дейін білім беруді цифрландыруға көшеді

@МП РК
Қазақстан білім беру жүйесін 2026 жылға қарай инновациялық және икемді модельге көшіру міндетін қойды. Бұл шешім жаһандық цифрлық кеңістіктің мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алатын және цифрлық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған.
Болжамдар бойынша, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу 2030 жылға қарай білім беру жүйесінің өнімділігін 10-15%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Заманауи мектеп тек білім алу орны ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау, жобалап оқыту және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамытатын кеңістікке айналады.
Осы мақсатта 1-9 сыныптар үшін «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатика» пәндерінің оқу жоспарлары қайта қаралды, цифрлық дағдыларды қалыптастыру негіздері жасалды. «QazTech» платформасындағы Білім берудің ұлттық деректер базасы мен біртұтас білім беру платформасы оқушылар үшін дербес оқу траекториясын құруға және мұғалімдердің күнделікті жұмысын онтайландыруға жағдай жасайды.
Елде қалалық пен ауылдық мектептер арасындағы цифрлық алшақтықты азайтуға бағытталған «Qazaq Digital Mektebi» жобасы сәтті іске асырылуда. Roqed AI, Kashgari, Stem-solutions және testter.kz сияқты отандық жасалған ЖИ құралдары енгізілуде. Астананың №99, №101, №104 және №107 мектептеріндегі тәжірбие ЖИ-ді пайдалану тапсырмаларды тексерудің тиімділігін арттырып, мұғалімдерге түсетін ауыртпалығының азаюын көрсетті.
Мұғалімдердің ЖИ құралдарымен жұмыс істеу саласындағы құзыреттілігін арттыру – мемлекеттің басым бағытының бірі. 2025 жылы «Өрлеу» платформасында арнайы курстардан 240 мыңнан астам мұгалым өтті.
2026 жылы «ChatGPT Edu» долбоірі шеңберінде тағы 200 мыңнан аса маман өздерінің ЖИ-көмекшілерін жасауды үйренедi. Бағдарламалар балабақшадан бастап техникалық және кәсіби деңгейге дейiнгi барлық деңгейлердi қамтиды.
Сонымен қатар халыкаральщ серiктестiк шегiнде MIT-пен бiрлескен «Day of AI Qazaqstan» долбоірi iске асырылуда. Бул бастама окушылардьщ ЖИ-сауаттьщдьщ артуьна каратьщ болганьщ окьщ пэндерге жасальщ интелект элементтерin интеграцияласуьна багъщаталган. Сонъщай-ак окьщ процеске активti катису макъсатьщага окъщилар ушъщ арналган арнаъщи курстардьщ эзiрленyi де жеделдicтелуде.
Дереккөз: www.gov.kz