АҚШ пен Иран бітімге келуі мұнай бағасын түсірді

2026 ж. 8 сәуір
АҚШ пен Иран бітімге келуі мұнай бағасын түсірді

@TengriNews

Халықаралық нарықта мұнай бағасы күрт төмендеді. Бұл өзгерістің негізгі себебі – АҚШ пен Иран арасында екі апталық бітімге қол жеткізілгендігі болып табылады.

7 сәуірде Brent маркалы мұнайдың бағасы 107-110 доллар аралығында тербелсе, түн ортасынан кейін ол қатты құлдырап, шамамен 93 долларға дейін түсті. Сол кезде АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнайының бағасы да 9 пайыздан астам арзандап, 102 доллар шамасына жетті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шарифтің өтінішіне байланысты Иранға қарсы соққы беруді екі аптаға тоқтатуға келіскенін жариялады. Трамп бұл шараны екіжақты от тоқтату ретінде сипаттап, Вашингтонның Тегераннан алған 10 тармақты ұсынысты «келіссөздердің жұмыс негізі» деп бағалады.

Иран өз кезегінде АҚШ-пен екі апталық бітім мерзімінде Ормуз бұғазын ашуға дайын екендігін мәлімдеді. Пәкістан премьер-министрі де Трамптан Иран туралы шешімді екі апта мерзімге кейінге қалдыруын сұрап, Ираннан жақсы ниет белгісі ретінде Ормуз бұғазын сол уақыт ішінде ашуға шақырды.

Бұл жарияланғаннан бірнеше сағат бұрын АҚШ президенті Truth Social желісінде Иранды «бүгін түні бүкіл өркениеттің жойылуы» туралы қорқынышты хабарлама арқылы қорқытқан еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:мұнайбағаларАҚШИранбітімОрмуз бұғазыхалықаралық нарык
Қаралым: 2

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз