Ресей бюджетінің жартысы қаңтарда жойылды, азаматтық экономика 20% қалды

@UlysMedia
Ресейдің бұрынғы дипломаты Борис Майко елдегі экономикалық жағдайдың сыни деңгейге жеткенін айтты. Оның айтуынша, Ресейдегі азаматтық экономиканың үлесі 20 пайыздан аспайды, ал қалғаны әскери-өнеркәсіптік кешенге бағытталған.
Қаржылық көрсеткіштер де төреніп отыр. Орталық банк бүкіл жылға болжаған бюджет тапшылығының жартысына жуығы тек қаңтар айында болды. Жоспарланған 3,7 триллион рубльдік тапшылықтың 1,8 триллионы осы бір айда жұмсалды.
Майко мұны былай түсіндірді: «Бүгінде олар барлығын жеп қойды. Мұнайдың жоғары бағасы, болған орасан зор пайда – мұның бәрі желініп бітті. Енді бұның ешқайсысы қалмады». Сонымен қатар, ол Ресейдің шетелдік резервтерінің 300 миллиард доллары Батыстық банкілерде мұражатталғанын еске салды. Бұл қаражат соғыс аяқталмайынша босатылмайды.
Дипломат соғыс шығындарын жабу үшін үкіметтің болашақ буындардан «қарыз алу» бастағанын да атап өтті. «Олар 30 жылда жасалған барлығын тартып алды. Өздерінен-өздері тартып алды. Енді олар болашақ буындардан, болашақ экономикадан тарта бастады. Олар осы әскери несие облигацияларын орналастырып, эмиссия жасауда. Яғни олар қарыз көпіршігін жасауда, оны балалар, солардың балалары ондаған жылдар бойы төлейді», – деді Майко.
Осындай ауыр экономикалық шаралармен қатар Ресейдегі ішкі жағдай да өзгергенін дипломат баса атап өтті. Оның пікірінше, елде белсенді азаматтық қоғам арнайы операция басталғаннан бергі алғашқы күндердегідей енді жоқ. «Ресейде азаматтық қоам енді жоқ. Ол жоғалып кетті. Егер 22-жылды еске түсірсек, соғыс басталғанда Мәскеуде, Санкт-Петербургте, басқа да қалаларда мыңдаган адамнан тұратын антисоғыстык шерулер болды... Қазір мұндай нәрсе жоқ», – деді ол.
Дереккөз: ulysmedia.kz