Әзірбайжан Иранның жоспарланған террорлық әрекеттеріне жол бермеді
@TengriNews
Әзірбайжанның Мемлекеттік Қауіпсіздік Қызметі (МҚҚ) Иран арнайы қызметтерінің террорлық жоспарларын әшкереледі деп мәлімдеді. Аталған жоспарларды Ислам төңкерісінің күзет корпусы (ИТКК) жасаған.
Бұл ақпарат Әзірбайжан МҚҚ баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйене отырып хабарланды. Әрекеттер ел азаматтары мен стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді контрразведкалық шаралардың бір бөлігі болды.
Террористердің нысанасы ретінде Әзірбайжандағы стратегиялық маңызы бар объектілер мен діни қауым өкілдері көрсетілген. Олардың қатарына «Баку–Джейхан» мұнай құбыры, Израиль елшілігі, таулы еврейлер қауымдастығының бір көшбасшысы, сондай-аа ашкенази синагогасы кірді.
Ел аумағына үш жарылғыш құрылғы әкелінген. Арнайы қызметтер оларды үшінші тұлғаларға тапсыруды болдырмады, бұл ықтимал құрбандар мен залалдардан сақтануға мүмкіндік берді.
МҚҚ жүргізген оперативтік шаралар нәтижесінде террорлық жоспарлар іске аспайтын болды. Бірнеше Әзірбайжан азаматтарына сот үкімі шығарылды. Олардың төртеуі кінәлі деп танылып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді.
Қалған екеуінə қоғам қайраткерінің өміріне қастандық дайындау, ал тағы бір адамға – қару мен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау үшін айып тағылды. Бұл айыпталғандарға тұтқындау түріндегі сақтандыру шарасы тағайындалды.
Дереккөз: tengrinews.kz