Қырымда Ан-26 ұшағы құлады, 29 адам қаза тапты

2026 ж. 31 наурыз
Қырымда Ан-26 ұшағы құлады, 29 адам қаза тапты

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash

Ресейдің Қырым түбегінде әскери-көлік ұшағы Ан-26 апатқа ұшырады. Оқиғада экипаждың алты мүшесі мен 23 жолақшы қаза тапты.

Ұшақпен байланыс 31 наурыз сейсенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 18:00 шамасында үзілді. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, бұл Қырым үстінен жоспарлы ұшу болған.

1 сәуір түні Ресей қорғаныс ведомствосы іздеу-құтқару тобының Ан-26 апат орнын тапқанын хабарлады. Алдын ала деректерге сәйкес, апаттың себебі техникалық ақау болып табылады.

Оқиға орнындағы дереккөздің мәліметінше, ұшақ жартасқа соғылып қалған.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:ҚырымАн-26ұшақ апатыРесейәскери көлік
Қаралым: 8

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз