30 тамыз Қазақстанда жұмыс күні болады, демалыс күні ауыстырылмайды

2026 ж. 26 наурыз
30 тамыз Қазақстанда жұмыс күні болады, демалыс күні ауыстырылмайды

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash

Қазақстанда 30 тамыз күні енді демалыс күні болмайды. Бұл туралы Сенаттың кулуарларында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев хабарлады.

Министрдің айтуынша, жаңа Конституция 15 наурызда қабылданғандықтан, Конституция күні дәл осы күнге ауыстырылады. «Жаңа Конституциямыз 15 наурызда қабылданды. Бұл күн Конституция күні болады. Енді 15 наурызда атап өтеміз», – деді ол.

Бұл өзгерістің салдарынан бір демалыс күні азаятынын министр растады: «Иә, бір күнге аз (демалймыз)». Аталған демалысты басқа датаға ауыстыру немесе оны өтеу жоспарланбаған.

Жаңа Конституцияның ресми түрде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетіні ескеріледі. Алайда, демалыс күнін ауыстыру шешімі осы жылдан бастап қолданыла бастайды.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай да осы жылы 30 тамызда Конституция күнін мерекелеу болмайтынын растаған болатын. Қазіргі уақытта Қазақстан үшін Конституцияның жаңа мерекелік күні – халық оның жобасын референдумда қолдаған 15 наурыз болып табылады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:Конституциядемалыс30 тамыз15 наурызЕртаевережелержұмыс
Қаралым: 0

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз