Токаев: Қазақстан мен Түркия арасында қарама-қайшылық жоқ

2026 ж. 15 сәуір
Токаев: Қазақстан мен Түркия арасында қарама-қайшылық жоқ

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Вице-президенті Жевдет Йылмазды қабылдады.

Астанаға алғаш рет сапармен келген қонақты сәлемдеген Президент, Түркияның ел үшін стратегиялық серіктес екенін атап өтті. Екі бауыр мемлекетті өзара сенім мен құрмет байланыстары біріктіретінін айтты.

«Дипломатиялық қатынастар орнағалы 35 жылға жуық уақыт өтті. Бұл кезеңде ынтымақтастығымыз үнемі дамып, сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан мен Түркия арасында ешбір қарама-қайшылық пен келіспеушілік жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Реджеп Тайип Ердоғанның 14 мамырда мемлекеттік сапармен Қазақстанға келетінін еске салды. Осы аясында Стратегиялық ынтымақтастық Кеңесінің кезекті отырысы өтеліп, бірнеше жаңа келісімдерге қол қойылады.

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі мен Түркия Вице-президенті төрағалығымен өткен Үкіметаралық комиссия отырысының нәтижелері екіжақты стратегиялык серіктестікті одан әрi нығайтуға ықпал ететініне Президент сенім білдірді.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:ҚР ПрезидентiТоқаевТүркиядипломатияынтымактастыксапар
Қаралым: 14

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз